Білім — ұлт келешегін қалайды. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелендіруде нақты көрсеткіштер ауданымызда да бар. Өлкемізде 2692 контингенті бар 54 мектепке дейінгі ұйым (27-сі балабақша, 27-сі шағын орталық) жұмыс жасайды. 5 балабақша жеке меншік. Шағын орталықтың 27 (846 бала) толық емес күн қатысуымен жұмыс жасайды. 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды қамту 86,0% (қамтылуға тиіс балалар саны-5250, қамтылғаны 4549). 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту 100 % (қамтылғандар саны 3661 бала). 1-3 жас аралығындағы 851 бала балабақшаға орын алу кезегінде тұр. Шалқар қаласынан 75 орындық ЖШС «Alihan» балабақшасы ашылды.
Ауданда барлығы 35 орта білім беру ұйымы жұмыс жасайды, оқушы контингенті 8475. Бастауыш мектеп 5, негізгі мектеп 8, орта мектеп 22. Қазақ тілінде білім беретін 34 /97,1%; аралас 1/ 2,8 %. 1 ресурстық орталық (4 магниттік мектеп)жұмыс жасайды. Аталған мектептерде 50 оқушы білім алады.
Аудандағы 35 жалпы білім беретін мектептің (бастауыш мектеп 5 (14,3%), негізгі 8 (22,8%), орта 22 (62,9%) 26-сы яғни 100 % кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етілген. 2019-2020 оқу жылында «Күнделік» электронды ақпараттық жүйесіне ауданға қарасты білім беру мекемелері 100 % қосылды. Ауданның 33 мектебі «Bilim Media Group» компаниясының BilimLand.kz электронды білім беру контентіне тіркелген. Қалған 2 мектеп «BMG» компаниясының BilimDesk құрылғысын пайдаланады.
Осы жылдың қаңтар айында облыстық пәндік олимпиадаға 33 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 2 оқушы І орынмен, 3 оқушы ІІ орынмен, 6 оқушы ІІІ орынмен және 2 оқушы Мақтау қағазымен марапатталды. Қазіргі таңда «Мың бала» олимпиадасына 5-6 сынып оқушыларынан 38 оқушы қатысуда. 23 оқушы «Достық» және «Жемқорлыққа жол жоқ» олимпиадасынан жүлделі орындар иеленді.
Аудан мектептерінің пәндік кабинеттермен қамтылуы 62,2%. 24 (80%) бірлікте физика кабинеті, 16 (53,3%) химия, 16 (53,3 %) биология, 15 мектеп (50,0%) лингафонды-мультимедиялық кабинетпен жабдықталған.
2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 62,3% болды. Үздіктер саны 2431, оның ішінде 9-сынып бойынша үздік аттестатты 131 түлек, 11-сыныптар бойынша үздік аттестатты 29 түлек, «Алтын белгіні» 51 түлек иеленіп отыр.
Мектеп бітіретін 454 оқушының 364-і осы жылдың 10 мамырына дейін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініш берді. Оның ішінде 59-ы дәстүрлі түрде, 305-і онлайын түрінде өтініш берді.
2020 жылға 11 мектепке ішкі дәретхана орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда қажетті құрал-жабдықтары алынды, орнату жұмыстары жазғы каникул кезінде жүргізіледі. Жыл соңына дейін ішкі дәретханамен қамтылу 100%-ды құрайды.
2020-2021 оқу жылы оқулықпен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 86 млн. теңге қаражат бөлініп, 11 баспаға өтініш берілді. Оқулықтарды тасымалдауға 1500 083 теңге қарастырылды. Жаңартылған бағдарламаға сәйкес 11-сынып 550 оқушы — 550 комплект оқулыққа,1-2 сынып, 7-8 сыныптар бойынша жетпес оқулықтарға, МАД бойынша 980 оқулыққа, «Даналық әліппесі» оқу құралы бойынша 8 данаға сұраныс берілді. Аудан бойынша оқушыларды оқулықпен қамту көрсеткіші — 100 %.
Аудан бойынша 35 мектептің 27 мектебінде спорт зал бар. Спорттық алаң саны 15. Аудан мектептерінің 77,1 %-ы спорт залмен қамтылған. Сенбі, жексенбі күндері сабақтан тыс уақытта спорт залдар арнайы кестеге сәйкес, тұрғындар мен жастар үшін пайдалануға берілуде. Оқушылар үшін сенбі, жексенбі күні 22 үйірме, 57 секцияға 2469 астам оқушы қамтылып отыр. 31 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған. 1386(19,4%) оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Ыстық тамақтың бір балаға шаққандағы орташа баға құны 450 теңге.
2019-2020 оқу жылында аудан бойынша мектептері жоқ 10 ауылдық елді мекен бар. Ондағы 56 бала мектеп жанындағы интернатта тұрады. №42 бастауыш мектепке тегін ыстық тамақпен қамтылған 8 бала ГКС-12 орта мектеп асханасына күнделікті тасымалданады. Мектептері жоқ елді мекендерде тұратын оқушыларды 2 автобус тасымалдайды.
Қосымша білім беру ұйымдарының желісі 4, қамтылуы 4348 (51,3%). Аудан бойынша барлық мектепте мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қараусыз қалуының алдын алу және жолын кесу мақсатында аудандық полиция бөлімімен бірлескен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау» жоспары жасалып, түнгі рейд кестесі бекітіліп жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Сонымен қатар мектептер бойынша құрылған «Қамқоршылық кеңесі» мүшелерінің қатысуымен тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында оқушылардың оқу-құралдарына тексеру рейді жүргізілуде.
Полиция бөлімінің есебінде тұрған 8 оқушы бар. Қосымша білім білім беру ұйымдарына қамтылғаны 6. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны 1. (29.2015 жылғы №1098 санды бұйрығының 27-бөлімінің 3-тармағына сәйкес «қамауға алумен байланысты емес бұлтарпау шарасы таңдалған»).
Қазіргі таңда жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өткен 85 (32,8%) педагогтың жалақылары көтерілді. 2016-2019 оқу жылдарында 973 (64,8%) педагог жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстардан өтті. Бүгінгі күні аудан мектептерінде 8 мұғалімге қажеттілік бар.
«Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудандағы Ақтоғай, №6 мектеп-интернат, ГКС-12, Т.Шанов атындағы мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары бойынша, облыстық бюджеттен 581681,2 м.тг. қаражат бөлінді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша «Арнайы тапсырыс» конкурсымен жарияланып жең-імпаздар анықталды. Ақтоғай орта мектебін «Дамак Құрылыс» ЖШС, ГКС-12 орта мектебін «КазСтройМагнум» ЖШС, №6 мектеп-интернатын «Абзиком» ЖШС, Т.Шанов атындағы орта мектебін жөндеу жұмысына «ТрансСтройСервис» ЖШС-тері жеңімпаз атанды. Қазіргі уақытта келісім-шарттарға отырып, авторлық және техникалық бақылау қызметі бойынша жеңімпаздар анықталып, келісім-шарттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Төтенше жағдайларға байланысты білім беру ұйымдарына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1170,0 м.тг. қажетті антисептиктер, маскалармен қамтамасыз етілді.
Оқушылардың қашықтан оқуына байланысты 80000,0 м.тг-ге мектептерге облыстық бюджеттен 500 дана ноутбук алынып берілді.
Жергілікті бюджеттен білім беру ұйымдарына шаруашылық тауарлары 3330,3 м.тг.-ге (сыпыртқы, сабындар, шелек және т.б.), кеңсе тауарлары 1351,8 м.тг.-ге (қағаз, бор, тонер ж/е т.б.), рәміздер (ту, герб) 1860,1 м.тг.-ге, мектеп автобустарына қосалқы бөлшектер 522,9 м.тг.-ге, аз қамтылған отбасы балаларына киімдер (аяқ киімдер, күртешелер) 7110,064 м.тг. алынды.
Шалқар қаласындағы №5 мектеп лицейі үш ауысымдық мектеп болып көрсетілген. Қазіргі таңда жаңа 320 орындық мектеп құрылысын салуға облыстық бюджеттен 338,6 млн.теңге бөлінген, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қаңбақтыдағы Аққұм негізгі мектебі 14 миллион және Аққайтымдағы Жаңақоныс орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 95 миллион теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс тәсілімен веб-порталға салынып, жарияланды.
Бүкіл әлемді алаңдатып отырған індетке қарсы күрес шараларымен қатар, елдегі тұрақтылықты сақтауға, әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға көмек көрсету мақсатында да көптеген іс-шаралар қолға алынды. Осы орайда «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы аясында 29-30 наурыз күндері аралығында ауданның білім бөлімі, барлық білім беру мекемелері, «Nur Otan» партиясының және ауданның білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бастамасымен аудандағы әлеуметтік көмекті қажет ететін 1678 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына 7 341 000 теңге көлеміндегі қаражатқа азық-түліктер мен дезинфекциялық құралдары алынып, таратылды. Сонымен бірге 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай барлық білім беру ұйымдарында балаларға тәтті сыйлықтар мен балмұздақтар таратылды.
Адам баласына ара қатынасының ең абзал, ең мәнді, ең таза түрі — адамдық қасиет пен қайырымдылықтың үлгісі саналатын бұл игі шаралар әлі де жалғасын таппақ.
А. Абдыков,
ауданның білім бөлімінің басшысы.