ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛДЫҚ

Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді қаржылай қолдау мақсатында айлықтарына үстеме ақша алуға тапсырма берген болатын. ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында коронавирус жұқтырғандарды емдеумен айналысып жатқан медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақы көлемі бекітілді. 
Осыған байланысты аудандық аурухананың карантиндік стационарында қызмет еткен бір топ медицина қызметкерлері қаржылай қолдауға ие болды. Сын сағатта елдің қамын ойлап, бастарын қатерге тіккен ақ халатты абзал жандардың еңбектерін бағалап қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және еліміздің Денсаулық министрі Елжан Біртановқа үлкен алғысымызды білдіреміз.
Біз, медицина саласының қызметкерлері, төтенше жағдай кезінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризамыз. Басты байлықтың саулығы жолында біз халыққа мүлтіксіз қызмет ете береміз.

Дархан Артықбаев,аудандық аурухананың анестезиолог дәрігері.