Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту білім жүйесі іске асырылуда. Осы орайда №2 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі Г.Аманжолова мектеп ата-аналарына және оқушыларына «Кітап оқып үйде бол, денсаулығыңды күт, біліміңді шыңда» тақырыбында әдеби кітаптармен электронды кітап оқу акциясын ұйымдастыруда.
Акцияның мақсаты — оқушылардың сөздік қорын молайту, оқу үлгерімін жоғарылату, тәртіпті болуға шақыру және бос уақытын тиімді өткізу. Сонымен қатар кітап оқу күйзелісті азайтып, өмірге деген сенімділікті арттырып, рухани мол азық беретіні анық.
Аталған акцияға мектебіміздің оқушылары мен ата-аналары өз үлестерін қосуда. Атап айтқанда, 2 «ә» сынып оқушылары Абдулкадир Жұмахан, Сәбина Бақтығали, сынып жетекшісі Р.Мамбетова, 2 «а» сынып оқушысы Әли Абайұлы, сынып жетекшісі А.Дүйісова, 4 «ә» сынып оқушысы Салтанат Құлекенова, сынып жетекшісі М. Болысбаева, 3 «б» сынып оқушысы Айсұлтан Ізбасаров сынып жетекшісі Гүлназ Нұрмұхамбетқызы, 3 «ә» сыныбының барлық оқушылары мен сынып жетекшісі Ә.Оспанова және т.б. оқушылар.
Осындай сын сағатта бәріміз бірігіп жас ұрпақтың білімін шыңдап, кітап оқуға деген құлшынысын арттырсақ болашақта жемісін бірге көретініміз анық.
З. Еспембетова,
ғылыми ұйымдастырушы.