ХАЛЫҚҚА КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ Ж А Д Ы Н А М А

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін келесі алдын алу шараларын ұстануыңызды сұраймыз:

  • вирустық аурулар белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты болдырмау (жөтел, түшкіру, мұрын шырышты қабатының қабынуы, дене қызуының көтерілуі);
  • тұрғын үй жайларды дезинфекциялау заттарды қолдана отырып ылғалды жинау (дезинфекциялау заттарды инструкцияға сәйкес дайындау);
  • тұрғын үй жайларды тәулігіне 2 рет желдету;
  • қолды, бетті сабынмен жуу (әжетханаға барған, қол алысқаннан, көшеден келгеннен кейін, сондай-ақ тамақ дайындаудан бұрын және жеке сүлгілер қолдану), қолды сабынмен жуу мүмкіндік болмаған жағдайда антисептикалық құралдарды пайдалану;
  • көзді, мұрынды, ауызды қолмен ұстамаңыз;
  • адамдар көп жиналатын орындардан (сауда, ойын-сауық орталықтары, діни мақсаттағы нысандар, қоғамдық тамақтану базарлары, ХҚКО және т.б.) аулақ болуға тырысыңыз;
  • егер жаныңда тұрған адамның ЖРВИ белгілері болса, онда 1 метрден кем емес қашықтықты ұстаңыз;
  • адам көп орындарда және қоғамдық көлікте бетперде пайдаланыңыз, оның ауыз бен мұрынды тығыз жабатынына көз жеткізіңіз;
  • бір рет қолданылатын маскаларды 2 сағаттан артық қолданбаңыз, бет жағына тимей артқы жағына шешу керек;
  • пайдаланылған бір реттік маскалар мен қолғаптар кейіннен арнайы «Маскалар және қолғаптар үшін» таңбасы бар қоқыс контейнерлеріне салу үшін полиэтилен пакетіне жиналуы тиіс;
  • қоғамдық орындарда жерге түкірмеңіз;
  • егер отбасы мүшесінде ЖРВИ симптомдары бар болса, онда оны жедел жәрдем келгенше жақсы желдетілетін жеке бөлмеге оқшаулау қажет;
  • туыс, дос, көршілеріңіздің арасында ЖРВИ симптомдары (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, жиі құрғақ жөтел, қалтырау, дененің сынып ауыруы, мұрынның бітуі және т. б.) бар адам болса, сондай-ақ коронавирустық инфекция бойынша барлық сұрақтар міндетті түрде тәулік бойы жұмыс істейтін Ақтөбе облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жедел штабына (жедел штаб) 8-/7132/ 55-77-37 (1406) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің call-орталығына (1406) қоңырау шалыңыз және жедел медициналық көмекті шақырыңыз.

Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Шалқар ауданы тұрғындарының назарына!

Шалқар ауданы әкімдігінің жанынан коронавирустық инфекцияға байланысты төтенше жағдай кезінде тұрғындардың тіршілік қызметіне қатысты сұрақтарына жауап беретін СаII-орталық (тел: 21-4-35) жұмысын бастады.
Күнделікті сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, аудандық полиция бөлімі, аудандық аурухана, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық білім бөлімі, аудан әкімдігі аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап беретін болады.
Мұндай шараларды аудан әкімдігі аудан тұрғындарының өтініштеріне уақытылы әрекет ету және мәмлекеттік органдардың жұмысын жылдам үйлестіру үшін қабылдап отыр.
СаII-орталықтың телефонын тағы бір мәрте еске саламыз: (тел: 21-4-35).