«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес, облыстық мәслихат депутаты Ақылбек Оралмағанбетов қабылдау жүргізді. Қабылдауда қала тұрғындарының түрлі өтініштеріне қандай да бір көмек көрсетілуі, мәселелерінің оң шешілуі талқыланды.
Қабылдауда жұмыссыздық, тұрғын үймен қамту, денсаулық сақтау саласына байланысты мәселелер көтерілді. Мәселен, Н.Бердешова тұрғын үй мәселесі бойынша келсе, Қ.Төлеген баласына тұрақты жұмыс сұрады. Аталған мәселелер назарға алынып, заң аясында кеңестер берілді.
Өтініштерді жіті қараған облыстық мәслихат депутаты мәселелердің назардан тыс қалмайтынын, оларды бақылауға алатынын айтты.