«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы ғимаратында партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова тұрғындарға қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін айтты.
Партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың өтінішіне толыққанды жауап беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.