Шағын және орта бизнестің еңбекке жарамды халықтың жартысына жуық бөлігін жұмыспен қамтуы – бұл саланың ел экономикасындағы басты қозғаушы күшке айналғанын көрсетеді

Президенттің бизнес пен инвестицияны дамытуға бағытталған саясаты – ел экономикасының тұрақтылығы мен өсуінің кепілі. Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін қабылданған заңдар мен реформалар, мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіру және «басынан бастап реттеу» тәсілінің енгізілуі – кәсіпкерлікке сенім арту мен оның дамуына жол ашу үшін жасалған маңызды қадамдар.

Шағын және орта бизнестің еңбекке жарамды халықтың жартысына жуық бөлігін жұмыспен қамтуы – бұл саланың ел экономикасындағы басты қозғаушы күшке айналғанын көрсетеді. Сонымен қатар, ірі бизнестің әлеуметтік жауапкершілікті арттыруы мен жергілікті қауымдастықтармен серіктестік орнатуға құлшынысы қоғам үшін маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен үлес қосып жатыр.

Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту көрсеткішінің айтарлықтай өсуі Қазақстанның инвестициялық ахуалының жақсарғанын және халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді. Бұл отандық нарықты әртараптандыруға және әділ бәсекені дамытуға септігін тигізуде.

Президенттің бизнеске қысым көрсетуді болдырмауға қатысты қатаң ұстанымы да – кәсіпкерлікке деген сенім мен ашықтықты қамтамасыз етудің кепілі. Мұндай саясат еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына серпін беріп, экономиканың барлық салаларына оң әсер ететіні сөзсіз.

Салықбай СЕРҒАЗИН, “Дәулет С” шаруа қожалығының төрағасы.