Құқықтық мемлекет құру үшін «заң мен тәртіп» қағидасын бәрімізге ортақ және маңызды құндылық ретінде қабылдау қажет. Ол еліміздегі әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрақтылықтың негізі болуы тиіс. Бұл қағиданы қоғамның барлық саласына енгізу, адамдардың әрқайсысының құқықтық санасын арттыру үшін көп уақыт пен күш-жігер жұмсалатынын түсіну керек. Қоғамда осы қағиданы қабылдауға дайын болмауы мүмкін кейбір адамдар бар, бірақ егер мақсат айқын болса, онда оған жету жолында табандылық таныту қажет.
Сонымен қатар, «заң мен тәртіп» қағидатының терең мағынасы демократия мен әділеттіліктің негізі екендігін ұғынуымыз қажет. Құқықтық мемлекет құруда заңның үстемдігі мен тәртіпті сақтау ғана емес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сонымен қатар әділеттіліктің сақталуы да маңызды. Мұның бәрі біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеп, қоғамның дамуына ықпал етеді.
Қорыта келгенде, «заң мен тәртіп» қағидасы – тек жазалау шараларын қолданумен шектелмейтін, елдің тұрақтылығы мен болашағына бағытталған маңызды ұстаным. Бұл қағиданы қоғамның құндылықтар жүйесіне енгізу, оны халықтың өмір салтына айналдыру арқылы біз әділетті және өркениетті мемлекет құра аламыз.
Серік ЖОЛАМАНОВ, аудандық мәслихат депутаты.