Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударуы – халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадам. Әсіресе, ауылдық жерлерде медицина нысандарын салу мен денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жұмыстары – ауыл халқы үшін аса маңызды бастама. Бұл шаралар денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 217 мектептің салынуы – білім саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған стратегиялық шешім. Апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін толығымен шешу арқылы балалардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы да үлкен сенім ұялатады. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінген қомақты қаржы – бұл мемлекеттің халық мүддесіне адал қызмет ететінін көрсетеді.
Мұның бәрі еліміздің әлеуметтік дамуы мен тұрақтылығының негізін қалайтын маңызды қадамдар екені сөзсіз. Бұл бастамалар халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтып, еліміздің болашағына үлкен үміт береді.
Аққайыр ОРАЗБАЕВ, Кішіқұм ауылдық округінің бастауыш ардагаерлер кеңесінің төрағасы.