Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппарат

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасымен 2024 жылға арналған сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспар бекітілді.

Жоспарда мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, ақпараттық іc-шаралар, сондай-ақ арнайы жобалар қамтылған.

Жалпы жоспар 5 негізгі бағыттан тұрады, олар:

«Құқық жаршысы»: мемлекеттік қызметтерді алу құқықтары мен мүмкіндіктері туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру.

«Сапалы қызмет»: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

«Қолайлы орта»: мемлекеттік қызмет көрсету орындарында, сондай-ақ, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау.

«Оңай қызмет»: мемлекеттік қызмет көрсету процестерін, оның ішінде оңтайландыру және автоматтандыру, эксаумақтық, проактивтік, композиттік, қағидаттарын қолдану арқылы жетелдіру.

«Мінсіз үкімет»: мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру, атқарушы билік қызметін шамадан тыс заңнамалық регламенттеуді болдырмау, құжат айналымы мен есептілікті қысқарту, мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен жауапкершілігін артыру.

Осы 5 бағыт мемлекеттік органдар қызметінің және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиімділігін арттыруды көздейді.

Ақтөбе облысында 2024 жылдың 9 айы бойынша жалпы 9 818 908 мемлекеттік қызмет көрсетіліп,оның 95,3% электронды түрде ұсынылды.

Өңірде 357 жуық қызмет түрі халыққа көрсетіледі, оның 172-і жергілікті атқарушы органдары ұсынатын қызметтер болса, қалғандары орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелеріне тиесілі.

Осы орайда, өңірдегі мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды, атап айтқанда:

– «Қызмет алушылар күні» жобасы аясында қызмет алу тәртібін түсіндіру бойынша 9 арнайы салалық іс-шаралар ұйымдастырылып, 690 қызмет алушы қамтылды;

– «Қызмет беруші мектебі» жобасы аясында қызмет берушілердің тәжірибе алмасуы бойынша 7 семинар ұйымдастырылып, 182 тыңдаушы қатысты;

– мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша 55 түсіндіру іс-шаралары (семинарлар, дөңгелек үстелдер, тікелей эфирлер, интернет-конференциялар және т.б.) жүргізілді;

– ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалында «Ең алдымен адамдар» арнайы оқу бағдарламасының семинарлары өткізіліп, 120-ден астам тындаушылар қамтылды.

Бұдан бөлек, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының аясында:

– «Aqtobe» телеарнасының тікелей эфирінде «Елге қызмет» арнайы телебағдарламасының 18 жобасы жарияланып, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында 15 шығарылым жарық көрді;

– қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша жергілікті және республикалық БАҚ-та 179 жарияланым жарық көрді.

Өз кезегінде, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жұмыстарына қоғамды жұмылдыру және қоғамның белсенді позициясына сүйену мақсатында, 2016 жылдан бері Департамент жанында Ведомствоаралық жұмыс тобы өз қызметін жасап, мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлі салаларында бірқатар мәселелер өз шешімін тапты.

Сонымен қатар, 15 мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қоғамдық бақылау жүргізу барысында ғимараттардың, қабылдау кабинеттерінің жай-күйі және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустардың, шақырту батырмасының, брайль тақтайшаларының сонымен қатар қызмет алушыларға жасалған қолайлы жағдайлардың болуына баса назар аударылды.

Бұдан бөлек, сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету аясында түрлі бақылау шаралары жүргізілді, атап айтқанда ағымдағы жылдың 9 айында Департаментпен 19 бақылау іс-шаралары өткізіліп, нәтижесінде, жалпы 1739 бұзушылық анықталды, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу – 1067 факті, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу – 552  факті, қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту – 51 факті, толық емес құжаттар топтамасы – 69. 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жолымен қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

Сол себептен, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша келіп түскен өтініштір бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп, негізді жүгінгендердің ішінен 4 қызмет алушының құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді.

Мысалы, қызмет алушы Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құралын тіркеу үшін жүгінген.

Қызмет алу барысында, ол ҚР Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасына сәйкес, яғни мүгедектігі бар баланың әкесі болғандықтан, мемлекеттік БАЖ төлеуден босатылғандығы туралы мәлімдеген.

Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде қызмет алушының жеңілдіктері туралы мәлеметтер шықпаған соң, оған мемлекеттік БАЖ-дың толық мөлшерін төлеуге тура келді.

Осы орайда, қызмет алушы мұндай жағдаймен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізінде қызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, оның қорытындысымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде жеңілдіктерібар түлғаларға қатыстытолық мәліметтерді көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік БАЖ толығымен алынғандығы анықталды.

         Осыған сәйкес, Департаментпен қызмет алушыға мемлекеттік БАЖ сомасы толығымен қайтару туралы ұсыным енгізіліп, бұзылған құқықтарын толықтай қалпына келтірді.    

Осыған орай, азаматтарға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында, олардың қызметтерді сапалы рәсімдеудің құқықтық құралдарын білу деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жоспарда орындалып жатқан шаралар халқымыздың игілігі мен еліміздің өркендеуі жолында адал еңбек ететін мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыруға және насихаттауға жаңа серпін береді деп есептейміз.

Айбек ШІЛМАНОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.