Мәртөк ауылында «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы аясында «Жастық» саябағының аумағы тазартылды. Тазалық шарасына қатысқан белсенділер, жергілікті тұрғындар мен студенттердің мақсаты – «Жастық» саябағының экожүйесінің жағдайын жақсартып, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру. Олар тазалық пен қоршаған ортаны сақтау ісінде маңызды болып табылатын мұндай бастамаларды қолдайтын жергілікті тұрғындардың саны артатынына сенім білдірді.
Айта кету керек, бүгінге дейін «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясына Ақтөбе облысының 418 мыңнан астам тұрғыны мен облыстағы 7,6 мың мекеме мен кәсіпорын қатысып отыр.