Облыста алғаш рет ұйымдастырылған “Сыбаға” фестивалінің екінші күні ерекше нақышта жалғасты. Бұл күннің басты мақсаты – ұлттық киімдердің маңыздылығын айқындау, олардың терең мазмұнын жастардың санасына сіңіру және ұлттық мәдениеттің айқын символын күнделікті өмірде қолдану үрдісін қалыптастыру болды.
Сары Батақұлы атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен “Дәуір дефилесі” атты шара ұлттық киімдерді насихаттауға арналды.
Бұл шара ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен жастардың бойына отансүйгіштік сезім ұялатуға бағытталған. Мәдениет үйі ұйымдастырушылары ұлттық киімдердің тек мерекелерде ғана емес, күнделікті өмірде де орын алуы керектігін атап өтті. “Дәуір дефилесі” шарасы ұлттық мұраны жаңа заманмен үйлестіре отырып, оны кеңінен насихаттауға ықпал етеді.