Ақтөбе облысында қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және табиғатты құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасуда. Жуырда Қобда ауданы Қобда ауылында сенбілік өтті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатқа құрметпен қарауды және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың экологиялық санасын қалыптастырып, экологиялық мәдениет деңгейін арттыру үшін күш-жігерін біріктіру. Акцияға қатысқан Қобда ауылының тұрғындары, оның ішінде белсенді азаматтар, жастар мен жергілікті мекеме қызметкерлері аумақты қоқыс пен жапырақтардан тазартып, ауылдың көркін жақсартты.
Ақтөбе облысында мұндай іс-шараларды ұйымдастыру экологиялық сананы қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Өйткені әрбір ұсақ-түйек маңызды. Акцияға қатысушылар еңбектерінің зая кетпей, туған жеріне, адамдардың санасына оң өзгерістер әкелетініне сенім білдірді.