Заң мен тәртіп: Ақтөбе облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты төмендету шаралары қабылдануда

Ақтөбе облысында «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында және «Зорлық-зомбылық, буллингке қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясының өткізілуі шеңберінде түнгі рейдтік шаралар белсенді түрде жүргізілуде. Бұл шаралар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандарды түрлі қауіптерден қорғау мақсатында ұйымдастырылған.

Түнгі рейдтер кезінде құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы билік өкілдері кәмелет жасқа толмаған азаматтардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүру деректерін бақылауда. Сонымен қатар, ойын-сауық орындары мен қоғамдық орындарда жасөспірімдерге алкоголь және темекі өнімдерінің сатылуын анықтау жұмыстарын жүргізуде. Рейдтердің негізгі міндеті – кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық әрекетке баруына жол бермеу, сондай-ақ, ересектер тарапынан жас балаларға заңға қарсы әрекеттерді істеуге итермелеу фактілеріне тосқауыл қою.

Ақтөбе облысының құқық қорғау органдары жастармен түсіндірме жұмыстарын да жүргізеді. Жасөспірімдермен кездесулер ұйымдастырылып, олармен құқықтық сауаттылықты арттыру, зорлық-зомбылықтан және буллингтен қалай қорғану керектігі туралы тренингтер өткізілуде. Сонымен қатар, жас ұрпаққа құқықтық жауапкершіліктер мен құқықтар туралы ақпарат беріледі.

«Заң және тәртіп» идеологиясы, сондай-ақ «Зорлық-зомбылық, буллингке қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясындағы түнгі рейдтер – жастардың құқықтарын қорғаудың, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды инструменты болып табылады. Бұл шаралар Ақтөбе облысында кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарға қатысуын төмендетуге, зорлық-зомбылық пен буллингпен күресуге бағытталған. Жасөспірімдердің құқықтары мен қауіпсіздіктері басты назарда қалып, оларға қоғам тарапынан қолдау көрсету мақсатында әрекеттер атқарылуда.