Қазақстандағы кассациялық соттардың құрылуының маңыздылығы


Кассациялық соттарды құру мәселесін республиканың заң қауымдастығы ұзақ уақыт бойы талқылады. 2023 жылы кассациялық соттарды құру тұжырымдамасы таныстырылды.
2024 жылғы 5 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Конституциялық заңға қол қойды.
Басқа өзгерістермен қатар Республиканың конституциялық заңы «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан кассациялық соттардың құрылуы туралы тарауымен толықтырылды.
Заңнамаға енгізілген толықтырулар 2025 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Заңда кассациялық соттарды Жоғарғы Сот Кеңесімен келісілген Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады, атын өзгертеді және таратады деп көзделген.
Кассациялық соттың өкілеттіктеріне сот істерін және материалдарды кассациялық сатыдағы сот ретінде қарау; сот практикасын зерделеу және оны жалпылау қорытындылары бойынша төменгі тұрған сот сатыларының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықты сақтау мәселелерін қарау; кассациялық сатыдағы сот ретінде көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Істер тікелей кассациялық инстанцияға түседі деп жоспарлануда. Алқа үш судьядан тұратын болады. Қаралған сот актілерін қайта қарау, істі талап ете отырып және ауызша сот процесінде тараптарды шақырта отырып, алдын ала қараусыз жүргізілетін болады. Кассациялық соттың істерді қарау мерзімі алты айдан аспайды.
Кассациялық соттың судьясы осы баптың 1-тармағының талаптарына жауап беретін, заң мамандығы бойынша кемінде он сегіз жыл жұмыс өтілі бар немесе судья ретінде кемінде сегіз жыл жұмыс өтілі бар, оның ішінде облыстық соттың судьясы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар азамат бола алады.
Кассациялық соттар судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғарғы Сот Кеңесімен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Әрбір кассациялық сот үшін судьялардың санын уәкілетті органның ұсынуы негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы Жоғарғы Сот Кеңесімен келісім бойынша.белгілейді.
Кассациялық соттарды құру сот төрелігін іске асырудың тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді. «Тұтас кассация» моделін енгізу тек әкімшілік әділет істері бойынша ғана емес, сонымен қатар сот ісін жүргізудің қалған нысандары бойынша сот процесіне қатысушыларға барлық сот инстанцияларында тыңдалуға мүмкіндік береді. Бұл халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттырады.

Айнұр ИМАНТАЕВА, Ақтөбе облысының
мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының судьясы.