«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

ҚР ІІМ Көліктегі ПД-нің нұсқауына сәйкес Шалқар ст. ЖПб-нің қызмет ету аймағында 2024 жылдың 8-10 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуіне байланысты, Шалқар қаласының тұрғындары және жолаушылардың назарына келесіні ескертеміз, яғни, темір жол бойында және жолаушылар пойыздарында жүріп-тұру қағидаларын сақтауға шақырамыз.

Теміржол арқылы белгіленбеген жерден өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабы 5 бөлігі бойынша 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатындығы және теміржол бойында үй жануарларын (сиыр, түйе, жылқы) жаю шығарып, теміржол көлігіне кедергі келтірген жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабы 1 бөлігі бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады.

Осылайша теміржол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балаларға абай болуға шақырамыз. Естеріңізде болсын Теміржол-қауіпті аймақ!

Шалқар станциясындағы желілік полиция бөлімшесі