Шалқар ауылдық округіндегі №513 референдум учаскесіне Жылтыр ауылының тұрғыны, ауданымыздағы жасы үлкен қариялардың бірі Қазанғап күйін насихаттаушы, 92 жастағы Жұмабай Жансүгіров келіп дауыс берді.
—Жастайымнан қара домбыраны серік етіп, өнеріммен көпке танылдым. Қазанғап күйлерін орындаушысы ретінде елдің сый-құрметіне бөлендім. Мәдениет пен өнер де экономикасы өрістеген елде ғұмырлы болары сөзсіз. Еліміздің баянды болашағы үшін таңдау жасалатын бүгінгідей күнге үлесімді қосу меніңде парызым. Өз таңдауымды жасап мемлекетіміздің кемел келешегіне сенім артып отырмын. Ел болашағы баянды, өскелең буын бақытты болсын, — дейді күйші Жұмабай ақсақал.
М. БОҚАН.