«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы, еңбек ардагері Сағынғазы Төлебаев өз таңдауын жасады

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы, еңбек ардагері Сағынғазы Төлебаев қаламыздағы №547 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ұзақ жыл шопан болып еңбек етіп, бүгінде сексен жастың үстіне шыққан Сағынғазы ақсақалға сыйлықтар табыс етілді. Өз кезегінде ардагер референдум учаскесінің басынан табылған таңдаушыларға «еңбекте алды болыңдар» деп бата берді.

М. БОҚАН.