– Әлеуметтік желіге кірсең, провокаторлар Балқаш көліне қауіп төнеді, экология зардап шегеді деп жазып жатыр. Бірақ біздің ғалымдар АЭС-тің көлге ешқандай әсер етпейтінін түсіндірді. Ал экология… Алматы тұрғындары әр қыста ТЭЦ-тің себебінен дем алудың қиындығын айтады. Сондықтан АЭС экологияны жақсартудың бірден-бір нұсқасы.
– АЭС-тің құрылысы — үлкен жауапкершілік. Қазақстанның оны өз мойнына алуға дайын болуы қуантады. Бұл жай ғана цех ашып, бәрін қалай болса, солай жасау емес. Мұнда әлемдік қауымдастық қауіпсіздік пен технологиялық процестердің сақталуына мұқият назар аударады. Жоба үлкен және маңызды. Оны жүзеге асыру мүмкіндігіне мақтан тұту керекпіз.
Патшайық ДОСМЫРЗАЕВА,
аудандық ішкі саясат бөлімінде қоғамдық жұмыспен қамтылушы.