АЭС — еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін арттырады

Мемлекет басшысы халыққа арнаған биылғы Жолдауында атом энергетикасына ерекше тоқталып, станса салу ісі көпшіліктің дауыс беруімен шешілетінін атап өткен еді. Атом электр стансасын салу мәсеселесіне қатысты жалпыұлттық референдумның 6 қазанда өтетінін хабарлағаны белгілі.Менің ойымша, атом энергетикасының дамуы Қазақстанның әлеуметтік жағдайына әсерін тигізбей қоймайды. АЭС құрылысымен бірге жаңа жұмыс орындары пайда болып, бұл жергілікті инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Бірақ халық арасында АЭС-ке қатысты алаңдаушылықтар мен түсініспеушіліктердің де бары рас. Сондықтан қоғамдық пікірді қалыптастыру және қауіпсіздікті ойлау басты назарға алынуы керек!АЭС салу Қазақстанның энергетимкалық инфрақұрылымын жақсарта отырып, энергия тапшылығын жоюға көмектеседі. жаңа АЭС еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін арттырады және энергияны үнемді әрі тұрақты түрде өндіруге мүмкіндік береді. Экономикалық тұрғыдан алғанда, АЭС құрылысына және жұмысына байланысты инвестициялар экономикамызға оң әсерін тигізбек, жаңа технологияларды енгізуге жол ашылып, өндірістік секторды дамытуға ықпал етпек. АЭС құрылысын жүзеге асыру үшін жетекші елдермен серіктестік орнату Қазақстан үшін маңызды. Жетекші елдермен серіктестік Қазақстанға заманауи технологиялар мен қауіпсіздік шараларын енгізуге, сондай-ақ атом энергетикасының дамуында қажетті тәжірибе мен білім алуға мүмкіндік береді. Мемлекетімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдумның уақыты жақындап қалды. Бұл референдум- біздің болашағымыздың қандай болатынын таңдау мүмкіндігі. Әрқайсысымыздың дауысымыз осы маңызды жобаның жүзеге асыруына, болмаса бұдан бас тартуға әсер етеді. Аталған маңызды шараға қатысуымыз біздің еліміздің даму бағытын айқындайтынын ұмытпаған жөн. Осы орайда, 6 қазан күні референдумқа ел болып қатысып, дауыс берейік дегім келеді.

Ақниет ЕЛЖАНОВА,

Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінің инспекторы.