Энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды

АЭС салу мәселесі қазіргі таңда Қазақстанның энергетикалық саясатына қатысты ең өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыланып, түрлі пікірлер айтылуда. Халықтың пікірін тыңдау және осындай маңызды шешімдерді ашық талқыға салу – “еститін мемлекет” тұжырымдамасының айқын көрінісі. Бұл, әсіресе, энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды.

АЭС салу – Қазақстанның болашақта энергия көздерінің сан алуандығын қамтамасыз етіп, ел экономикасын әртараптандыруға бағытталған шешімдерінің бірі болуы мүмкін. Алайда, бұл мәселенің экологиялық қауіпсіздік, халықтың пікірі және экономикалық тиімділік сияқты аспектілерін де ескеру қажет. Атом энергиясын пайдалану туралы шешімнің халықтың талқысына шығуы – елдің энергетикалық саясатын айқындайтын маңызды қадам. Мұндай шешім қабылдау үшін қоғамның пікірін ескеру, талқылау және диалогты дамыту өте қажет.

Сондықтан, АЭС салу мәселесі тек мемлекеттің энергетикалық болашағын емес, халықтың қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылығын да қамтамасыз ету жолындағы үлкен қадам болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, халықтың бұл мәселеге қатысты белсенділігі мен саналы қатысуы елдің демократиялық дамуында маңызды рөл атқарады.

Бақдәулет ОРЫНБАСАРОВ, «Бозой обаға қарсы күрес бөлімшесінің» бастығы, Бозой ауылы.