«ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ» атты республикалық патриоттық байқауына үлгілі отбасы өкілдерін қатысуға шақырамыз! Байқауға отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен қатыса алады.

Іс-шараның мақсаты:

• Қоғамдағы үлгілі отбасы институтының жаңа имиджін насихаттау;

• Дәстүрлі отбасы құндылықтарының өнегелі үлгісін дәріптеу;

• Жаңа Қазақстандық отбасы мәртебесін арттыру.

Байқаудың шарттары:

• Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша отбасы жайлы жазылған 1,5 беттен артық емес мәлімет (егер бар болса отбасы мүшесінің еңбектегі, спорттық, шығармашылық жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін) жіберуі керек.

• Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен 6 данадан аспауы керек)

• Отбасы туралы бейнеролик (ұзақтығы 2 немесе 3 минут таныстыру).

Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына                 2024 жылдың қазан айының 31-не дейін қабылданады.

Байқаудың жүлде қоры:

Бас жүлде 1 млн теңге

1 орын – 700 (жетіжүз) мың теңге

2 орын – 500 (бес жүз) мың теңге

3 орын – 300 (үшжүз) мың теңге

Байқау қатысушылары иеленеді:

• Арнайытағайындалған «ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ» төсбелгісі

• Төсбелгіні куәлендіретін КУӘЛІК

«ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ» статуэткасы

Дәрежелі диплом беріледі.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға, байқау жеңімпаздарына жіберіледі. Қорытынды конференцияда байқау жеңімпаздарын елімізге еңбегі сіңген тұлғалар «Өнегелі отбасы» төсбелгісімен, дипломдармен, қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапаттайды.  

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почта: ruhany.jangiru.17@bk.ru

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkenietі_

Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

Қатысушылардың тегі, аты-жөні 
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы 
Қызмет орны атауы, лауазымы 
Байқау атауы«ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ»
Телефон, ұялы, е-mail.ru 
Сапалы түрлі-түсті ¾ фотолары