Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында Қазақстанда электр энергиясына тапшылықты болдырмау үшін атом электр станциясын салу туралы мәселені көтерді. Қазірдің өзінде елімізде электр қуатына сұраныс артып, энергия тапшылығы байқала бастады. Осыған байланысты мамандар АЭС салу туралы бастаманы қолдап жатыр. Мұның да өзіндік пайдасы бар. Біріншіден, қоршаған ортаға, экологияға және атмосфераға бөлінетін зиянды шығарындылар азаяды. Екіншіден, альтернативті энергия көзін пайдалану тиімділігі артады.
Қазіргі уақытта жел мен күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану — жоғары дәрежеде деп айту қиын. Себебі, мамандардың есебі бойынша елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі бір пайыз екен. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды. Дегенмен, баламалы энергия көздері ол болашақтың қажеттілігі екені сөзсіз. Альтернативті энергия көзі дегеніміз — энергия көзін дәстүрлі пайда қазбалардан (мұнай, көмір, отын) емес, күннен, судан, желден, геотермиялық көздерден энергия көзін алу. Бұл энергия көзі таусылмайтындықтан, оларды сарқылмайтын энергия көздері деп те атайды. Сондықтан қолданыстағы электр энергиясына тоқталып қалмай, басқа да энергия көздерін пайдаланған жөн. Елімізге арзан да, қолжетімді тиімді, электр энергиясын өндірудегі қажетті шикізаттарды қолдана отырып энергия көздерін пайдаланған дұрыс шешім деп ойлаймын.
Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны белгілі. Ол жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау керектігін айтты. Біз металлург болғандықтан өндіріске қажетті кәсіби мамандардың қатары көп болғанын қалаймыз. Металлургия саласын дамыту барысында балқытушылармен қатар өндіріске аса қажетті дәнекерлеушілер, дозалаушылар, кран машинист сияқты мамандарды дайындайтын кәсіби техникалық білім ордасының базалық деңгейі, оқыту бағдарламалары жаңартылуы керек.
Гүлжанат АРЫСТАНҒАЛИЕВА, Ақтоғай орта мектебінің физака пәнінің мұғалімі.