Бұл еліміз үшін маңызды қадам

л Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Бұл еліміз үшін маңызды қадам болмақ. Жылдан-жылға талқыланып келген аталмыш тақырыпта шешім қабылданып, ел экономикасының дамуына енді әр азамат пікірін білдіріп, саналы қадамға барады. Жалпы “Күн өткен сайын экономикамызға мол энергия қажет болып жатыр. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады”, – деген Президент сөзіне әрқайсымыз бей-жай қарамауымыз тиіс. Қазіргі кезде әлемнің дамыған және дамушы 30 елінде атом электр станциясы бар. Біздің елімізге де бұл қуат көзі экономиканың ұлғайып бара жатқан қажетін елеулі дәрежеде өтейді деп сенеміз. Еліміздің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделері мен ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ туралы ойлануға, АЭС құрылысы мәселесінде стратегиялық сипаттағы жоспарларды қоғам талқысынан кең көлемді талқылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауға үндеген рефендум үлкен мүмкіндік.

А. БАҚТЫБАЕВА, Т.Шанов атындағы орта мектебінің тәлімгері.