Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – МАМ) қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды.
Құрметті атақ қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды, қайырымдылық ұйымдарын және қайырымдылық волонтерлерін қолдауға бағытталған
🗓Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1 мамырдан басталып 2024 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады.
Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға (МАМ) құжаттарды хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, МАМ кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) немесе zvanie_2023@mbx.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайына жолдай алады.
Жеңімпаздар Парламент депутаттары, азаматтық және квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссияның шешімімен айқындалады.
❓Сұрақтар туындаған жағдайда мына нөмір бойынша хабарласуға болады: (87172) 740674. Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру ережелері туралы толығырақ төмендегі сілтеме арқылы білуге болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029542.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.