10 сәуір күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Алия Оспанова, партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ерлан Әбдікәрім, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасова Шалқар қаласы Биекенов көшесі бойынан 2 қабатты 8 пәтерлік 3 жалдамалы коммуналдық тұрғын-үйлердің құрылысына мониторинг жүргізді.
Жобаның жалпы құны – 311 033,0 мың теңгені құрап отыр. Жауапты мердігер – «Қолғанат Құрылыс» ЖШС. Құрылыс жұмыстары мерзімінің ұзақтығы 9 айға жоспарланған.
Мониторинг барысында құрылыс жұмысы сапалы және уақытылы жүргізілуі қажет екендігі ескертілді. Алдағы уақытта да аталған нысанға партиялық бақылау жүргізілетін болады.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.