29 наурыз күні партияның аудандық филиалы ғимаратында Шалқар аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы мен партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаевтың төрағалығымен өткен жиынға депутаттық фракция мүшелері мен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы Сқақ Бигеев, Шалқар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марғұлан Досжанов, Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Перизат Жидеханова қатысты.
Күн тәртібінде «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» партиялық жобаларының Шалқар ауданында жүзеге асырылу мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марғұлан Досжанов және аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Перизат Жидеханова баяндама жасады.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.