Ағымдағы жылы 5-7 наурыз аралығында «Көліктегі құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Құқықтық тәртіпті сақтау, теміржол вокзалдарында және жолаушылар пойыздарында қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында республика көлемінде наурыздың 5-7 күндері аралығында «Көліктегі құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, вокзалдарда және жолаушылар пойыздарында қоғамдық орындарында тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында өткізіледі.
Егер Сіз қоғамдық орындарда қылмыс немесе құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша куәгер болсаңыз немесе олар бойынша қандай да бір ақпаратты немесе маңызды мәліметтерді білсеңіз 102 немесе 8(71333) 70-2-26 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.
Шалқар станциясындағы желілік полиция бөлімі.