2024 жылғы 1 қаңтардан бастап өткен 2023 жыл бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсынудың кезекті мерзімі басталды.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылады.
ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбауы, уақытылы ұсынбауы және анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.