Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаменті ағымдағы жылдың 20-22 қараша күндері аралығында жедел профилактикалық іс-шаралар кестесі аясында қызмет көрсету учаскесінде ақпараттық және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де заң бұзушылықтарға қарсы күрес шараларының тиімділігін арттыру бағытында арнайы шара өткізуде.
Осы орайда ағымдағы жылдың қараша айының 20-22 күндері аралығында Шалқар станциясындағы ЖПб-нің қызмет көрсету аумағында «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда. Іс-шара аясында ЖПб қызметкерлері теміржол және қала аумағында ахуалды бақылауға алып, қылмыстық істерді болдырмау бағытында үздіксіз жұмыс істеп, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Заманға сай түрлі ақпараттық технологияларды қолданатын қала тұрғындарынан алаяқтардың қармағына түсіп қалмас үшін өте сақ болуды сұраймыз.
Е. ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны.