ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін 15 қараша — Ұлттық валюта – Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Айгүл Шалабаева, «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының кеңесшісі Айнагүл Жұмағұлова «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Шалқар басқармасына барып, мерекелерімен құттықтады.

Шарада сөз сөйлеген Жарылғасын Шамбалаевтың айтуынша, еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты. Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерге ауданымыздың қаржы саласы қызметкерлерінің де қосқан үлесі аз емес.

Салтанатты жиын соңында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Шалқар басқармасының бірқатар қызметкерлеріне «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы атқарушы хатшысының Алғыс хаты және бағалы сыйлықтары табысталды.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.