3 қараша күні «Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалының ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті.
Жиынға «Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты, депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев, партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Әбдіғапарова және №7 Шалқар аудандық өрт сөндіру бөлімінің ұжымы қатысты.
Кездесуде сөз сөйлеген Жарылғасын Шамбалаев жемқорлықтың салдары жайлы айта отырып, алдын алу шараларына тоқталды. Партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Әбдіғапарова «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.
«Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалы.