2023 жылға арналған кестесіне сәйкес 20 қазан – 19 қараша аралығында «Браконьер» өңірлік жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Мақсат – браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылып, тиісті күштері мен құралдары тартылған.
Осыған орай, аңшылардың жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзған жағдайда оларға қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде немесе Қылмыстық кодексінде көзделген баптармен тиісті шаралар көрілетіндігі ескертіледі.
Е. ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны.