Amanat партиясы Шалқар аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Әбдіғапарова, комиссия мүшесі Ерлан Әбдікәрім, аудандық мәслихат депутаты, депуаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев және аудандық мәслихат депутаты, депутаттық фракция мүшесі Гүлсім Оралмағанбетова Шалқар қаласының Сазтөбе көшесі даму аймағында салынып жатқан электр желілеріне партиялық мониторинг жасады.
Жалпы құны 546 849,0 мың теңгені құрайтын аталған жобаны жүзеге асыру 7 айға жоспарланған. Осы жылдың желтоқсан айында барлық жұмыстар толығымен аяқталмақ. Жобаға тапсырыс беруші: «Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі, техникалық қадағалаушы: «Алатау сапа құрылыс» ЖШС, жауапты мердігер: «Компания АрАй-НС» ЖШС.
Мониторинг барысында жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына мән беру керектігін және мерзімінен кешіктірмей тапсыру қажет екендігін ескертті.
Amanat партиясы Шалқар аудандық филиалы.