Шалқар аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Ж. Шамбалев, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Ж. Былқайыр Шетырғыз ауылдық округінде салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл жоба ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №962 «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жоба аясында іске асуда, яғни барлық ауылдарды тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мониторинг жүргізген аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Ж. Шамбалев, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Ж.Былқайыр медициналық пункт ғимаратын мерзімінен кешіктірмей пайдалануға беру қажет екендігін ескертті.
Amanat партиясы Шалқар аудандық филиалы.