ӨТЕГЕН СЕЙІТОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Шалқар аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен саналы ғұмырын Қазақстан прокуратурасына арнаған аса көрнекті заңгер, тұлғасы биік асыл азамат Өтеген Сейітовтың туғанына 100 жыл толуына орай рухына бас иіп, құрмет көрсету үшін орталық саябақта орнатылған ескерткіш-белгіге гүл шоғын қою рәсімі өткізілді.

Оған аудандық прокуратура, әкімдік, құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлері қатысты. Шалқар ауданының прокуроры Нұрболат Қатуов және Ө.Сейітовтің жақын туысы Аманғали Төлебаев сөз сөйледі.

Шарада Өтеген Сейітовтің бейбіт өмір жолындағы жауынгерлік ерлігі мен еліміздің заң жүйесін нығайтудағы еңбегін еске алды.

Шалқар аудандық прокуратурасы.