ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙМЕК

1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы энергетикалық ресурстарды үнемдеп пайдалану туралы және кәсіпкерлікті дамыту мәселесі елдің дамуы үшін маңызды екенін ерекше атады.

         Жолдауда айтылған тағы бір маңызды мәселелердің бірі тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Осы ретте «AMANAT» партиясы, «Halyk Bank» АҚ және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірге жүзеге асырып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасының маңызды екенін атап өтті.

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Шалқар ауданында 500-ден астам тұрғын оқудан өтіп, қаржылық сарапшылар тұрғындарға несие қарызының санын қалай азайтудың қандай жолдары бар екенін, алаяқтық әрекетті анықтауды және қаржы пирамидасынан қалай аулақ болу керек екенін түсіндірді. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы өз ауқымын кеңейтіп, қаржылық сарапшылар елді мекендегі тұрғындардың да қаржылық сауаттылығын арттырмақ. Қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында тұрғындарға арналған тегін оқу Шалқар ауданында әлі де жалғасатын болады. Оқуға қатысуға ниет білдірушілер «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына келуге болатынын хабарлаймын.

Жарылғасын ШАМБАЛАЕВ,

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы.