Депутаттық фракция мүшесі қаржылай көмек көрсетті

Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні партияның аудандық филиалы ғимаратында Шалқар аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракция мүшесі Болат Жолмағанбетов «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар жұмысқа орналастыру, тұрғын үй алуға көмек көрсету мәселелерін айтты.

Мәселен, Шалқар қаласының тұрғыны Нұргүл Айтығұлова тұрғын үймен қамтамасыз етуді және баласына оқу-құралдарын алуға көмек сұрады. Депутаттық фракция мүшесі Болат Жолмағанбетов «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы аясында қаржылай көмек көрсетіп, мәселенің оң шешілуіне ықпал жасады.

    «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.