ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы Сқақ Бигеев және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бірлесе отырып, Қауылжыр ауылдық округінде салынып жатқан ауылдық клуб ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Ауылдық клуб құрылысына 156,0 миллион теңге бөлініп отыр. Жобаға жауапты мердігер мекеме «Намыс құрылыс» ЖШС.

Мониторинг жұмысын жүргізген аудандық мәслихат депутаты Сқақ Бигеев және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құрылыс жұмыстарының сапасына мән беру керектігін, сонымен қатар ауылдық клуб ғимаратын мерзімінен кешіктірмей пайдалануға беру қажет екендігін ескертті.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.