2023 жылғы шілде айының 24-28 күндері аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет аумағының көлемінде заңсыз атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, қару ұрлығы қылмыстарын болдырмау мақсатында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – заңсыз айналымнан атыс қаруын тәркілеу, ұрланған және жоғалған қаруды іздестіру және атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ, тұрғылықты мекен-жайларында ұзақ уақыт бойы тұрмаған және жаңа мекен-жайлары бойынша есепке тұрмаған азаматтық қару иелерін анықтау болып табылады.
Е. ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны.