Оқу-жаттығу өтті

Осы аптада Шалқар ст. ЖПб-нің қызмет атқару аумағында, яғни халықтың көп жиналатын осал тұрғыда болып саналатын Шалқар станциясындағы теміржол вокзалының ғимаратында ҰҚК және теміржол қызметкерлерімен бірлесе отырып терроризм мен экстермизмге қарсы оқу жаттығуы өтті. Жаттығу шарасында қызмет барысында туындайтын сұрақтар қаралып, тиісті жауаптары берілді.

Шалқар қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!!!
Теміржол аумағында, жолаушылар поездарында немесе теміржол мекемесі мен вокзал ғимаратынан қандайда бір күдікті зат байқаған жағдайда, дереу полиция қызметкерлеріне және мекеме жұмысшыларына баяндауыңыз сұралады. Күдікті заттарға жақындамаңыз, қызығушылық танытып ұстап көрмеуіңізді сұраймыз. Бұл сіздің өміріңізге немесе айналаңызға қатер туғызуы мүмкін.

Е. ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны.

Posted Under
Санатталмаған