Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні Шалқар қаласындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебінде білім беру саласында ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жетістіктерге қол жеткізген физика пәнінің мұғалімі Қарлықан Дүйсенбі және Зинаида Көпенованың зейнеткерлікке шығуына орай «Қалдырған ізің мәңгілік» атты кеш өтті. Шараға ардагер ұстаздар, «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев, мектеп түлектері және мұғалімдері қатысты.
Құттықтау сөзін сөйлеген партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев, зейнетке шығып жатқан Қарлықан Дүйсенбіге және Зинаида Көпеноваға «Ардаргерлерді ардақтайық» жобасы аясында «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұловтың Алғыс хаты мен сый-сияпатын табыстады.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.