«Борышкер» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Құрметті аудан тұрғындары!
Шалқар ст. ЖПб-нің қызмет ету аумағында мамыр айының 4-6 күндері «Борышкер» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осыған орай жыл басынан аудан көлемінде анықталған әкішілік құқық бұзушылық бойынша салынған айыппұлдарды интернет желісі (Каспий KZ сайты) арқылы төлеуге болады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабы 1-2 бөліктеріне сәйкес, анықталған құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 7 (жеті) тәулік ішінде төленсе, өзіне салынған айыппұл мөлшерінің елу пайызы мөлшеріндегі айыппұлды төлейтіндігі көзделген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894-бабының 1-тармағына сәйкес, жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл соммасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстап қалу үшін ол жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкімшілігіне салынған айыппұлдардың өз еркімен уақытылы төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты тиісті қаулылар жолданатындығын ескертеміз.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894-бабының 3-тармағына сәйкес, егер айыппұл салынған тұлға жұмыссыз болса немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса салынған айыппұлдың өз еркімен төлеу уақыттарының өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушысына жіберіледі.

Құрметті аудан тұрғындары!
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы заңда көрсетілген жеңілдіктерді пайдалана отырып төлеп, қосымша сұрақтар бойынша Шалқар станциясындағы Желілік полиция бөлімшесіне хабарласуларыңызға болатындығын ескертеміз.

Е. ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны.

Posted Under
Санатталмаған