Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес жаңа тәсілдер әзірленіп, бүгінгі күні Мемлекеттік қызмет туралы заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осылайша мемлекеттік қызмет заңнамасында орын алған өзгерістерді түсіндіру мақсатында Шалқар ауданында көшпелі семинар өткізілді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Р.Шумекеева қабылданған заң нормаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Осы еңгізілген өзгерістер бойынша, мемлекеттік басқару академиясының түлектерін өңірлердегі жекеленген лауазымдарға, сондай-ақ, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған түлектерді аудан мен ауылдарда төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындау үшін оқу нәтижелері белгіленді.
Бұдан басқа, «Б» корпусының жоғары лауазымдарына конкурссыз тікелей тағайындау шарттары бойынша, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалаудың жаңа әдістемесі, мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жобасы, ротациялық төлемдер және басқада мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер туралы айтылды.
Семинар барысында Ақтөбе облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Р.Омаровамен Әдеп кодексінің талаптары мен онда көзделген шектеулер жөнінде түсіндірілді.