Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауда Шалқар ауылдық округінің тұрғыны, күйші, қазанғаптанушы, 93 жастағы Жұмабай Жансүгіров өз таңдауын жасап дауыс берді.
«Халық дауыс беру күнін асыға күтті. Бүгінгі сайлау елімізге оң өзгерістер алып келеді деп сенемін. Халық дауыс беруге белсенділік танытып жатыр. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңында өтіп жатқан сайлау еліміздің жаңаруының белгісі деп есептеймін. Бүгін еліміздің болашағы мен өскелең ұрпақ үшін маңызды таңдау жасалатын күн. Халқымызға ауызбіршілік тілеймін» дейді, Жұмабай Жансүгіров.