Партия филиалының конференциясы өткізілді

30 қаңтар күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жарылғасын Шамбалаевтың төрағалығымен партия филиалының кезектен тыс XXXХІІ конференциясы өтті.

Конференцияға партияның Шалқар аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.

Конференцияның күн тәртібіне сәйкес бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын Ақтөбе облысы Шалқар ауданы мәслихатының депутаттығына кандидаттар ұсынылды.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс XXXlV конференциясына делегаттар сайланды.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Posted Under
Санатталмаған