ПАЛУАН ҚЫЗДАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2006-2007 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында өткен облыс чемпионатында В.Н.Цеханович атындағы №1 мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Атап айтсақ, Нұргүл Бекберген 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 1-орынды, 70 келіде Сәулемай Сағитжан 1-орынды, 52 келіде Дильназ Есетқызы 2-орынды иеленді.

Палуан қыздар мен олардың жаттықтырушысы Айгерім Байжанованы жаңа қадам басқан жылдағы алғашқы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз. Әрдайым спорттық бабында жүретін шымыр қыздарымыздың алда да аудан абыройын үстем қылып, жеңіс тұғырынан көріне беретініне сенеміз.

«Шалқар»-ақпарат.