Балаларды қуантқан жаңа жылдық думан

Қаламыздағы №8 орта мектепте өткен  «Қош келдің, Жаңа жыл — жаңа белес, жаңа арман!» атты жаңа жылдық шараға аудан әкімі Жанболат Жидеханов қатысып, балаларды мерекелерімен құттықтады.

Қатысушылар арасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім беруді қажет ететін балалар болды.

Жаңа жылдық шара балаларға қызықтар мен қуаныштар сыйлады. «Ер Төстік» ертегісінің кейіпкерлері Төстік, Саққұлақ, Көлтауысар, Самұрыққұс түрлі көріністер көрсетті. Ғарыштан келген қонақтар бүл-діршіндердің шығармашылығына тәнті болып, мерекені бірге тойлады.

Ақшақар қыздар шараны бимен көркемдеп, Санта Клаус, Микки Маус, қояндар топтық бимен қысқы қызықтарды тарту етті. Жиналған балалар да өз өнерлерін ортаға салып, Аяз атадан сыйлық алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Балалар жылы» болып белгіленген жыл жетістіктерін Барыс жылы қорытындылап, жыл эстафетасын Қоян жылына табыстады.

Аудан басшысы оқушыларды, ата-аналар қауымын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оқуда, еңбекте толағай табыстар тіледі. Сыйлыққа кенелген балалар жаңа жылдық думаннан үлкен әсер алды.

* * *

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып, аудандық Мәдениет үйінде жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Оған аудан әкімі Ж.Жидеханов қатысып, балаларды мерекелерімен құттықтады. Шара барысында түрлі қойылымдар қойылып, ән айтылып, би биленді. Аяз Атадан сыйлық алған балалардың қуанышында шек болмады.