«Интернет алаяқтық» қылмыстарының алдын алу

Көліктегі полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, Шалқар станциясының ЖПб-нің темір жол станциясының қызметкерлеріне «Интернет алаяқтық» қылмыстарының алдын алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

     Интернет алаяқтардан сақ болу шараларын қатаң сақтап, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодты, құпия сөздерді ешкімге хабарламауды, әр түрлі жағдаймен алаяқтардың ұялы телефонға қоңырау шалып, вокзал терминалдарынан ақша аудару туралы өтінішіне алданып қалмауды,  ұялы телефонға бөгде қосымшаларды орнатпау туралы ескертеді. 

А.БАЗАРБАЕВ, Шалқар станциясының ЖПб-нің КПТ-ның аға жедел уәкілі, полиция майоры.

Posted Under
Санатталмаған