ТАЗАЛЫҚҚА МӘН БЕРЕЙІК

Ауданымызда күзгі санитарлық-тазалық жұмыстарының екі айлығы басталды. Осы айлық аясында қаламыздағы және ауылдық округтердегі мекеме-кәсіпорын ұжымдары мен әлеуметтік нысанның қызметкерлері,  жастар және тұрғындар әр апта сайын өтетін сенбілікке белсене қатысуда.  

    Осыған дейін өткізілген сенбіліктерге 976 адам, 18 техника бірлігі жұмылдырылып, қала және елді мекен аумақтары, көшелер мен  саябақтар күл-қоқыстардан  тазартылып,  80 тоннадан астам  қоқыс шығарылған. Қаламыздың, ауылымыздың, жалпы қоршаған ортаның таза болуы адамзат  мерейі. Сондықтан тазалыққа немқұрайлы қарағандарға шара қолдану да күн тәртібінен түспеуі тиіс. Осы ретте абаттандыру және көгалдандыру ережесін бұзу бойынша 8 заңды және жеке тұлғаға ескерту берілсе, 25 адамға айыппұл салынған.

   Дегенмен айналамыздың таза болуын жауапты мекемелердің мойнына артып қоймай,  бұған барлығымыз аса жауаптылықпен қарауымыз керек. «Отан отбасынан басталады» демекші, ұқыптылық өз үйімізден, көшемізден басталса игі. Осыған жастарымызды үйретіп, туған мекеніміздің көрікті болуына бір кісідей атсалысуымыз керек.

Өз тілшімізден.

Posted Under
Санатталмаған